Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Конституциялық сот азаматтардың өтініші негізінде Үкімет қаулыларын қайта қарай алады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 17:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға Конституциялық соттың қайта қарауына жіберілетін нормативтік құжаттардың сипаты туралы мәселе де шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық Кеңес қазіргі таңда Президенттің, Премьер-Министрдің, Парламент депутаттарының және соттардың өтініштерін ғана қарастырады.

Енді Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Бас прокурорға және ең бастысы азаматтарға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылады. Бұл кез келген нормативтік құқықтық акт Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қаралуы мүмкін дегенді білдіреді» - деді вице-министр.

Айтуынша, аталған конституциялық өзгеріс министрліктердің қандай да бір қағидалар мен тәртіпті бекітетін бұйрықтары, әкімнің нормативтік актілері және тіпті Үкімет қаулыларына дейінгі мәселелерді қамтиды.

«Қазіргі таңда олардың дау-дамайы азаматтық процестің ережелеріне сәйкес жалпы юрисдикция соттарында жүзеге асырылады. Конституциялық Сот актіні, оның ішінде сот шешімін шығаруға негіз болған заңды қайта қарауға құқылы болады», - деді Алма Мұқанова.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.


Жоғары қарай