Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Конституция күні қарсаңында Көкшетауда патриоттық акциясы өтті

2021 жылдың 26 тамыз 2021 20:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Көкшетауда Мемлекеттік Ту 100 метр биіктікке көтерілді. Патриоттық акцияға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция барысында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев ақмолалықтарды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

«Мереке қарсаңында біз қала өміріндегі тағы бір маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. ҚР Мемлекеттік туын Көкшетаудың ең биік нүктесіне орнаттық. Отандастарымыздың арқасында Қазақстан туы әлемдік жарыстар мен олимпиадаларда бірнеше рет көтерілді. Осы жарқын, мерекелік күнде бейбітшілік пен бақыт тілеймін», - деді облыс әкімі.




Сонымен бірге, Ермек Маржықпаев өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындауға қол жеткізілгенін атап өтті.

«Жыл соңына дейін облыс бойынша 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 100 мыңға артық. Екі жыл ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақмола облысының 13 ауылының 85 мың тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарды», - деп қосты аймақ басшысы.

Облыс әкімі атап өткендей, «Алты жобаны іске асыру арқылы осы жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік көрсеткішін қалалық елді мекендер бойынша 99 пайызға, ауылдық елді мекендер бойынша 84 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 605 миллиард теңгені құрады. Жалпы, биыл облыс бойынша 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, олардың басым бөлігі тұрақты жұмыс орындары.








Жоғары қарай