Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Конституция күні қарсаңында Ақмола облысында су жаңа қызметтік көліктер тапсырылды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 17:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Конституция күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев полиция жəне өрт сөндіру қызметі, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, коммуналдық қызмет, білім басқармасы және «Қазпошта» АҚ облыстық филиалына су жаңа 44 арнайы қызметтік автокөліктер мен тракторлардың кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылай хан алаңында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы өңірде жылдан жылға құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқандығын атап өтті.

«Биыл егемендігіміздің 30 жылдығының мерейтойын қарсы алып отырмыз. Бұл атқарылған жұмыстарымызды қорытындылап, жетістіктерімізді саралайтын кезең. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында өзіміздің Ата заңымызды қабылдадық. Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын. Бұл мереке біз үшін ерекше. Бүгінгі күні құқық қорғау орғандары мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлеріне ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз ету, төтенше жағдайларды алдын алуда үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқаруда. Соңғы уақытта облыс әкімдігі тарапынан жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетіліп келеді»,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, мемлекеттік органдардың автопаркінің нығайтыла беретінін атап өтті.

Шара барысында облыс әкімі бір топ ақмолалық жастарға жеке куәліктерін тапсырды.











Жоғары қарай