Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Конгода тағы бір жанартау атқылап жатыр

2021 жылдың 29 мамыр 2021 18:44

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Гома қаласынан солтүстікке қарай 28 шақырым жерде Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында орналасқан Мурара жанартауы атқылады. Бұл туралы ел үкіметінің өкілі Патрик Муя мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мурара жанартауы Нямурагира тауының баурайында және 22 мамырда оянған Нирагонго жанартауынан солтүстікке қарай 13 км жерде орналасқан. Мурараның алдыңғы атқылауы 1977 жылдың көктемінде болды, содан бері жанартау үнсіз еді.

«Таңертең Вирунга ұлттық қорығында, шөлді жерде орналасқан Мурара жанартауының атқылауы басталды», - деген Патрик Муяның сөзін келтіреді Agence France-Presse. «Біз оқиғалардың жаңа дамуын мұқият бақылап отырмыз».

Айта кетер жайт, Гома қаласы аумағында ұдайы дүмпулер болады.

Сарапшылар Нирагонго жанартауының қайта оянуын жоққа шығармайды. Сақтық шарасы ретінде Гома билігі Ниирагонго қаласынан 15 км қашықтықта орналасқан үйлеріне лава ағындары қауіп төндіруі мүмкін 400 мыңға жуық адамды эвакуациялауға бұйрық берді.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай