Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Екатерина Айдова кіші алтын еншіледі

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1000 метрге жарысудан «В» финалында сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен.

Ол былтырғы бәсекеге қатыспағандықтан, жаңа маусымды «В» тобында бастаған болатын. Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы әлем кубогінің келесі кезеңінде «А» тобында сынға түсу құқығын алды. Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан кіші күміске иелік етті.

Айта кетсек, әлем кубогінің келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтеді.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай