Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрады

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 10:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрады. Осы жылдың өзінде дебиторлық берешек 3,4 млрд теңгеге артты, 5 аймақта өсім байқалады. Ол: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Бұл монополистердің сапалы және уақытылы қызмет көрсетуіне әсер етеді», - деді ол.

Жалпы оның айтуынша, жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр және тұрақты бақылауда.

«Алдағы жылу беру маусымына уақытылы дайындалу мақсатында әкімдіктер: осы жылдың 1 қазанына дейін барлық нысандарды дайындауды толығымен аяқтауы, барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етуі; коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешекті азайтуы және ағымдағы берешектің өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жандандыруы және шаралар қабылдауы; халықтың арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы; тұрақты негізде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін және халыққа көмір жеткізу бойынша мониторинг жүргізуі қажет», - деді Бебіт Атамқұлов.


Жоғары қарай