Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Комитет пен әкімдік елорда маңында жүрген қасқыр туралы видеоға пікір білдірді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 10:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті елорда маңындағы қасқырлар туралы видеоларды теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде қаланың шеткері аймақтарында жүрген қасқырлар туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартуға алып келетінін есте сақтап жүрген жөн», - деп жазды елордалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева facebook желісінде .

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, желіге тараған видеолар бірнеше жыл бұрын Ресейде және Қазақстанның өзге өңірлерінде түсірілген.

Еске сала кетсек, 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат берілді.



Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай