Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Колумбияда президент кортежінің тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

2019 жылдың 28 қазан 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық Колумбияда президенттің әуепаркіне тиесілі Bell 412 тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан экипаждың алты адамы түгелдей қаза тапты.Бұл туралы Колумбияның Әуе күштері жария етті, деп хабарлайды Xinhua.

«Колумбияның Әуе күштері 0006 тікұшақ экипажының алты адамынан айырылғанына қатты қайғырады», – деп мәлімдеді әскери мекеме өкілдері.

Алдын ала болжамдар бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Тікұшақ жұма күні жоғалып кеткен, құтқарушылар оның құлаған орнын енді ғана тауып, қаза тапқандар санын нақтылай алды.

Бұған дейін осы тікұшақпен бірнеше рет ұшқан Колумбия Президенті Иван Дюке қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Апат менің де жанымды ауыртты, себебі бұл адамдармен мен соңғы 14 айда бірге жұмыс істеп едім», – деді Дюке.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай