Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Колледждерге оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

2021 жылдың 27 тамыз 2021 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колледждерге оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің 795 колледжінде 470 мыңға жуық студент білім алатын болады. 1 курстарға 150 мыңнан астам студент келеді деп күтілуде. Колледждердің жобалық қуаттылығы оқуды штаттық форматта жүргізуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат етіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, колледждерде зертханалық, практикалық сабақтар және өндірістік практика штаттық режимде өткізілетін болады.


Жоғары қарай