Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Колледж студенті: Вирустан өзімді және жақындарымды қорғау үшін екпе алдым

2021 жылдың 19 қараша 2021 21:50

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінде оқитын Кристина Глушко не себепті вакцина салдырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде «Pfizer» вакцинасын салдыру науқаны жүргізілуде. Екпені 12-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, жүкті және бала емізетін әйелдер алып жатыр. Олардың қатарында Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенті Кристина Глушко бар.

«Мен өз еркіммен вакцина салдыру жайлы шешім қабылдадым. Әрине, ата-анамның рұқсатын алдым. Болашақ медицина қызметкері ретінде өзіме жүктелген жауапкершілікті сезіндім. Жақын жандарымның және жерлестерімнің өміріне қауіп төндіргім келмейді. Вакцина бізге ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және коронавирустан қорғануға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Аида Ульбауованың айтуынша, екпе салдыруға ниет білдіріп жатқан студенттер саны артып келеді.

«Студенттермен сынып сағаттары, ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ата-аналар өз келісімдерін беріп, студенттер вакцина салдыруды бастап кетті. Кәмелетке толмаған балалар үшін бұл өте маңызды. Өйткені вакцина алғаннан кейін иммунитет күшейеді. Біздегі еңбек ұжымы да түгелдей екпе салдырған», - дейді ол.


Жоғары қарай