Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көлікті мас күйінде басқарғандар жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылады

2019 жылдың 20 қараша 2019 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов көлікті мас күйінде басқарып, адамды мерт қылғандарды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Қазір мас болсын, сау болсын адамды машинамен қағып өлтіріп алса, жаза бірдей, ары кетсе бес жыл. Енді мас күйінде жасалған осындай қылмыс он жылға бас бостандығынан айырып, өмірбойы көлік құралдарынан басқару құқығынан айырылады», - деді М. Ахметжанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, жүргізу құқығынан айыру мерзімі сегіз жылға ұлғаяды.

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Осы орайда, ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды.

Сонымен қатар, инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған. Осындай қылмыстар үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

Жоғары қарай