Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Көліктерді жүктің арасына жасырып Қырғызстан асырмақ болған тағы бір жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 6 маусым 2020 17:40

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – 5 маусым күні шекарашылар жүктің арасына жасырылған автокөліктерді заңсыз жолмен Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Айша бибі» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетінде жүк көлігі тексеріліп, құжаттары жоқ «Дэу» және «Хюндай» маркалы екі жеңіл көлікті тақтайлардың арасына жасырып өтпек болған жүргізуші ұсталды», - делінген департамент хабарламасында.

Табылған автокөліктер Жамбыл облысының Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Мұндай қылмыс осы айда аталған автокөлік өткізу бекетінде екінші рет тіркеліп тұр.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Жамбылда ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, Қырғызстанға апара жатқан жүргізуші ұсталған болатын.


Жоғары қарай