Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көлікте өртенген адамды алматылық дәрігерлер құтқарып қалды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 08:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлік ішінде өртеніп, денесінің 75% күйік шалған адамды алматылық дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған алғашқы тері трансплантациясы жасалды.

25 маусымда 44 жастағы ер адам өз көлігінде тірідей жанған. Жедел жәрдем бригадасы Бақытты үздік комбустиолог дәрігерлер жұмыс істейтін №4 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Науқасты тексеру кезінде бас, бет, мойын, дене, арқа, жоғарғы және төменгі аяқ-қол аймағында 75% күйік шалғаны анықталды, қабыршақтанған эпидермисі бар жерлерде жоғарғы тыныс жолдарының күйігі, 2-3 дәрежелі күйік шогы байқалды.

«Күйіктің ауданы мен тереңдігі өте үлкен болғандықтан болжам жасау өте қиынға соқты. Науқас қабылдау бөлімшесін айналып өтіп, АРҚТБ-қа (Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі) жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, клиникалық-зертханалық және аспаптық тексерулер, мультидисциплинарлық тексеру жүргізілді.

13 шілдеде жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас күйік бөлімшесіне ауыстырылды, мұнда пациентті реанимация дәрігерлерімен бірге бақылаудамыз. Науқас созылмалы қант диабетімен ауырады, бұл жараларды емдеуді қиындатады. Эндокринологтың көмегімен біз қандағы қант деңгейін қалыпқа келтірдік. Қазіргі уақытта пациент өздігімен жүре алады, гемодинамика салыстырмалы түрде тұрақты. Кеше аутодермопластиканың бірінші кезеңін сәтті өткіздік, енді екінші кезеңді өткіземіз, содан кейін шығаруға дайындықты бастауға болады. Бәрі жақсы жүріп жатыр», - деді Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед-комбустиологы Елдос Альменов.

Бақытты емдеуге травматолог-ортопед-комбустиолог Даулетбаев Диас және Альменов Ельдос тағайындалды.

Бақыт қайғылы күнді қорқынышпен еске алады.

«25 маусымда мен жеке көлігім шыққан өрттен санаулы секунд ішінде жалынға оранып, салонда қалып, тірідей жандым. Мені қалай құтқарғаны есімде жоқ. Мен осы дәрігерлердің қолына түскенім үшін Құдайға шексіз ризамын. Дәрігерлерім менің әлі өмір сүретінімді дәлелдеді. Мен ауруханаға өте ауыр жағдайда түстім және қатты қорықтым, аман қалмайтын шығармын деп ойлап едім. Есімде, менің басымның, құлағымның қатты ісінуі болды, қатты ауырды, қан жөтелдім, күресуге күшім болмады, содан соң өзімді дәрігерлердің қолына тапсырдым. Дәрігерлер, медбикелер мен санитарлардан бастап, маған нәрестеге қарағандай қарады. Құдай маған осы дәрігерлерді берді. Міне, алғашқы тері трансплантациясы өтті, әрі қарай бәрі жақсы болатынына сенімдімін», - деді науқас.


Жоғары қарай