Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлік сатып алуға келген адамды пышақтап, 10 млн теңгесін алып кеткен

2021 жылдың 13 қазан 2021 09:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген азаматты пышақтап, 10 млн теңгесін алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқа тұсына сұғылған пышақ жарақаты бар 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жеткізілгені туралы хабар түсті. Ауруханаға жеткен жедел-тергеу тобы аталған фактіні растап, іздеу шараларын бастап кетті. Кейін сатушымен кездесу кезінде күдікті суық қару қолданып, зардап шегушіден 10 миллион теңге көлемінде ақшасын тартып алғаны анықталды», - деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының бастығы Жақсылық Алтынбаев.




Зардап шегуші күдіктіден Tayota Camry 70 автокөлігін сатып алмақ болған. Кездесу және ақшаны беру Есік қаласында өткен.

«Аз уақыттың ішінде жедел қызметкерлер ер адамды анықтап, ұстады. Оны зардап шегуші мен куәгер таныды. Ол – 22 жастағы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі кезде уақытша ұстау изоляторына қамалған», - деп қосты Жақсылық Алтынбаев.


Жоғары қарай