Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлік прокурорлары Алматыда жүкті заңсыз тексергендерді анықтады

2021 жылдың 14 шілде 2021 13:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлік прокурорлары Алматыда жүкті заңсыз тексерудің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Жетісу көлік прокуратурасының мобильді тобына кәсіпкерден Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері оның жүгін заңсыз ұстағаны туралы ақпарат түсті.

Тексеру барысында лауазымды тұлғалар жүк тасушыны тексеру жүргізу үшін негізсіз тоқтатқаны расталды.

Аталған әрекетімен лауазымды тұлғалар Мемлекет басшысының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге тыйым салуын елемеген.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкер өз жолын жалғастырды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Әрбір кәсіпкер көлік прокуратурасы органдарына төмендегі телефондар арқылы хабарласып, бақылаушы мемлекеттік органдар әрекеттерінің заңдылығына баға беруді талап етуге құқылы: 8 7172 712251; 8 7172 301910; 8 707 411 0000.


Жоғары қарай