Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Көлік прокуратурасының араласуымен бюджетке қосымша 220 млн теңге түсті

2019 жылдың 18 желтоқсан 2019 12:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуе прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде бюджетке 220 млн теңге салық түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 32 көлік кәсіпорынының табысы төмендетіп көрсетілгені анықталды. Бұл кәсіпорындар салық есебінде атқарылған, жұмыс, қызмет, тауар сатуда қосымша құн салығы мен корпоративті табыс салығын аз етіп көрсеткен», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге заңбұзушылықтарды қалпына келтіру жөнінде ескерту хабарлама жіберген болатын.

Салық төлеушілер салық есебін 264,7 млн теңге мөлшерінде түзеді. Сонда мемлекет қазынасына қосымша 220 млн теңге түсті.

Жоғары қарай