Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Көлік полициясы 300-ден астам шетел азаматын жазаға тартты

2019 жылдың 12 наурыз 2019 18:13

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол полициясы қызметкерлері Қызылорда стансасында «Алматы-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде құжат тексеру кезінде 33 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасына келген азамат ішкі істер органдарында заңда белгіленген мерзім бойынша тіркелмеген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты ҚР аумағынан шығару түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлері Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін бұзған 337 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 291-і - ТМД азаматтары, алыс шетелдерден келгендер саны - 46.

Жоғары қарай