Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлік полицейлері 30 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері осы жылдың басынан бері еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарында 29 895 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, 15 қыркүйек күні Павлодар стансасының полиция бөлімі қызметкерлері «Семей-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызынан пойыз бастығының актісіне сәйкес бір жолаушыны түсіріп алған.

«Мас болған азамат пойыз жолсерігінің ескертуін елемей жолаушылардың мазасын алған. Вагон тамбурына шығып, заңсыз әрі қажеттілік болмаса да стоп-кранды тартып қалып, жолаушылар пойызын тоқтатқан. Көлік полицейлері тексеру барысында Семей қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол алкогольге «орта деңгейде« масаң күйде болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 3-тармағы және 560-бабы 1-тармағы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - деді полиция полковнигі.





Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, темір жол қаупі жоғары аймақ саналады. Осыған орай департаменттің полиция бөлімдеріне темір жол көлігі нысандарында жүрген 1 344 жасөспірім жеткізіліп, оның 50-і Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Түнге уақытта ересектердің қарауынсыз далада жүрген жасөспірімдер үшін 199 ата-ана ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 2 тармағымен әкімшілік жауапқа тартылған.






Жоғары қарай