Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлік комитеті «Semey Bus» ЖШС мәселесі туралы пікір білдірді

2021 жылдың 6 мамыр 2021 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай «Semey Bus» ЖШС субсидия төленбеуі туралы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Semey Bus» ЖШС квазимемлекеттік кәсіпорын болып саналады, оған 2019 жылдан бері субсидия төленбеген. Семейдегі автобус тасымалы жағдайына назар аударуыңызды сұраймын. Әкімдік субсидия төлемейді, кәсіпорынды банкротқа ұшыратуы мүмкін», - деп модератор көрермен сұрағын оқыды.

Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай бұл мәселеден хабардар екенін жеткізді.

«Екі жыл бойы олар Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы автобустар сатып алды. Қазір олар бір де бір теңгені өтемеді. Өнеркәсіпті дамыту қоры өз тарапынан процедуралық түрде сотқа жүгінуге және бұрын жасасқан шарттарды тоқтата тұруға міндетті. Әкімдік тарапынан осы жылға субсидиялар қарастырылған, бірақ кәсіпкердің әкімдікке енгізген өтінімдері өте үлкен болды. Әкімдікпен еш уағдаластық жоқ. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз», - деді Әли Алтай «Kazinform» алаңында «Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдаудағы бәсекелестік» атты жиында.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жолаушы тасымалдайтын компания - «Semey Bus» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 72 заңбұзушылық анықталғаны хабарланған еді. «Semey Bus» ЖШС-нің жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрайды.



Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай