Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты басшысының орынбасарлары тағайындалды

2020 жылдың 11 маусым 2020 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқппарат - «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директорының екі орынбасары тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің бұйрығымен «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директорының орынбасарлары болып Айгүл Кәкімбекқызы Сәдуақасова және Ғалымжан Мұратұлы Құсманғали тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры лауазымына Талғат Қалиев тағайындалған еді.

Айгүл Сәдуақасова 1973 жылы дүниеге келген.




Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. «Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар докторы.

2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ОАР-дағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы.

Ғалымжан Құсманғали 1983 жылы Қарағанды облысы Жәйрем кентінде дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

2020 жылдан бері – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.




Фото: assembly.kz


Жоғары қарай