Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қоқыс полигонынан табылған құжаттар: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

2020 жылдың 10 маусым 2020 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының қоқыс полигонынан табылған ведомство құжаттарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласының қоқыс үйіндісінен табылған ҚР ҚМ «Қолдау» РМК құжатына қатысты келесіні хабарлаймыз. Шынымен де, мұндай факті орын алды. 2016 жылы ауданаралық эканомикалық сотының шешімімен (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ҚМ «Қолдау» РМК – Қорғаныс министрлігінің ведмстволық бағынысты мекемесі банкрот деп танылып, белгіленген ретпен жойылды.

ҚР ҚМ «Қолдау» РМК бұрынғы кеңселерінің бірінде осы құжаттар сақталған. Жаңа иелері құжаттарды лақтыруға мәжбүр болды.

Өкінішке орай, жабылған РМК-ның лауазымды тұлғалары құжаттарды белгіленген ретпен жоймай, тастап кеткен», - деді министрліктен.

Атап өтілгендей, табылған барлық құжаттар құпия емес сипаттағы жабылған кәсіпорынның ішкі құжаттарына жатады және Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ.

«Табылған марапатқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл - қоғамдық бірлестіктің белгіленбеген белгісі, ресми марапаттарға жатпайды және құндылығы жоқ.

Онымен бір мезгілде, егер осындай фактілерге куә болсаңыз, бірінші кезекте, анықтау үшін тәулік бойы қызметтегі Қорғаныс министрлігіне хабарлауды сұраймыз», - деді ведомстводан.


Басты сөздер: ҚР Қорғаныс министрлігі,
Жоғары қарай