Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көктайғақ: Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармайды

2021 жылдың 24 қараша 2021 12:06

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 24 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.

«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Өскеменде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар қашықтан оқыған болатын.


Жоғары қарай