Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Көктайғақ салдарынан Ақмола облысының жолдары жабылды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 10:10

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының жолдары көктайғақ салдарынан жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Көктайғақ салдарынан Көкшетау-Омбы, Щучье-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка жолдары жабылды.

Бұған дейін Қазгидромет Ақмола облысында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, қалың қар түсетіндігін, көктайғақ болып, боран тұратындығын және тұман басатындығын ескерткен еді.

Ауа райының қолайсыздығынан кеше Астана-Щучье және Астана-Қостанай жолдары да жабылған болатын.

Жоғары қарай