Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көктайғақ, күшті жел, тұман: 24 қарашаға арналған ауа райы

2021 жылдың 24 қараша 2021 01:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жауады.

Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады.

Республиканың батыс жартысында, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз - көктайғақ, бұрқасын. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде - көктайғақ, күндіз - бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде - тұман, көктайғақ, облыстың шығысында - жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай