Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетаулықтар жергілікті өнімді делдалсыз сатып алатын болды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 21:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен Көкшетау қаласында екі әлеуметтік павильон ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, қазіргі заманғы стильде салынған әлеуметтік павильондардан облыс орталығының тұрғындары делдалсыз жергілікті өнімді сатып ала алатын мүмкіндік туып отыр. Аталмыш сауда орындарында «Бижан», «Гормолзавод», «Айна сауда үйі», «Көкшетау нан зауыты», «Курочка Ряба», «Ақсай нан» тәрізді ақмолалық тауар өндірушілердің азық-түлік өнімдері қойылған.




«Жаңа павильондарда қала тұрғындары Ақмола облысының тұрақтандыру қорындағы өнімдерді яғни ұн, күріш, май, қант тәрізді өнімдерді арзан бағаға сатып ала алады», - дейді ведомстводан.

Айта кетйік, өңірде «Kokshe Market» павильон желісін одан әрі кеңейту жоспарда бар. Бұл жолғы екі павильонның біреуі Центральный шағын ауданы 32 мекенжайынан орын тепсе, екіншісі Васильковка шағын ауданындағы №17 орта мектеп маңынан ашылып отыр.








Жоғары қарай