Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетаулық қария майданда көз жұмған әкесінің қабірін 76 жылдан кейін тапты

2021 жылдың 9 мамыр 2021 17:11

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының 80 жастағы тұрғыны қаза тапқан әкесінің қабірін арада 76 жыл өткенде тапты. Ақмола облысы ТЖД ардагері Алексей Қайсиннің бар арманы - Германияда жерленген әкесінің басына бару, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші дүниежүзілік соғыс көп адамның өмірін қыршынынан қиды. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмысы бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр.

Әкесінің, атасының, үлкен атасының тағдыры туралы ештеңе білмейтін кез келген адам әлі күнге дейін ата-бабасының қабірін тапсақ деп үміттенеді.

«Менің әкем Георгий Қайсен 1944 жылы майданға аттанғанда, мен үш жаста едім, сондықтан есімде жоқ. Өмірімде көптеген бақытсыздықтарды басымнан өткердім: үлкен апам іш сүзегінен көз жұмды, анам бандылардың қолынан қаза болды. Мені туыстарым бауырларына басып, тәрбиеледі. Мен олардан әкем туралы сұрағанда қысқа қайырып, «хабар-ошарсыз кетті» деп айтатын еді», - дейді ТЖД ардагері Алексей Кайсин.




Мектепті бітірген соң ол аудандық білім бөліміне жүгінді, сол жерден оны Молдавия КСР астанасы Кишиневке, кейін соғыста жетім қалған көптеген балалар сияқты Мәскеуге жіберілді.

«Онда олар менің өмірбаянымды мұқият тыңдап, Қазақстанға барып, тың жерлерді көтеруді ұсынды. Осылайша, мен алдымен Шығыс Қазақстанда екі жыл ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша оқыдым. Ол кезде тың игеру туралы деректі фильмдер мен газет мақалаларынан ғана білетінмін. Артынша, бізді Чистополь ауданын жеткізіп, вагондарға орналастырды. Онда асхана мен моншасы бар. Көп жастар келді, бірақ олардың көбі қатал ауа райына шыдай алмай кейін кетіп қалды. Мен тыңда он жыл жұмыс істедім. Агроном, комбайнер және тракторшы болдым. Уақыт өте келе ол екі совхозда бас механик болып жұмыс істедім», - деп жалғастырады Алексей Георгиевич.




Кейін оны Көкшетау автобазасына механик болып жұмысқа шақырды. Мұнда оның болашақ тағдыры қалыптасты.

«Үйлендім. Көп ұзамай қалалық комсомол комитетіне шақырылып, ішкі істер органдарында қызмет етуді ұсынды. Төтенше жағдайлар департаментінде зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет еттім. Әкем туралы жиі ойлаушы едім. «Оның тағдыры қалай болды? Жауынгерлік жол қандай болды? Георгий Қайсин қай жерде жатыр?» деген сияқты»,- дейді ТЖД ардагері.

Бүгінгі күні А.Қайсин әкесінің тірі қалған жалғыз фотосуретін сақтап келеді. Фотосуретте гимнастерка киген жас, әдемі жігіт көрінеді.

Әкесінің жарқын бейнесі Алексей Георгиевичтің мәңгі жанында сақталған.

Кейіпкеріміздің үлкен немересі Станислав Кайсин бүгінгі таңда Мәскеуде тұрады және тележүргізуші болып жұмыс істейді.

Алексей Георгиевич оған Қорғаныс министрлігінің Мәскеу мұрағатына хабарласуды сұрады.

Бір айдан кейін ол жақтан құжаттар келді, онда ол әкесінің тағдыры туралы мәлімет алды.

Қатардағы жауынгер Георгий Қайсен өзінің жауынгерлік жолын Украинада бастады, содан кейін Польшаны азат ету үшін шайқасты және Берлинге дейін жетті.

Щецин түбіндегі шайқастардың бірінде ол ауыр жарақат алып, 1945 жылы 30 сәуірде Ұлы Жеңіс күніне бірнеше күн жетпей, басқа сарбаздармен бірге ауруханада көз жұмыпты.

Оны бауырластар қабіріне жерлеген.

«Германия, Геезовоның солтүстік-шығысында», - деп жауынгердің алғашқы жерленген жері құжаттарында көрсетілген.

«Әкем адамдардың бейбіт өмір сүруі үшін өз жанын құрбан етті. Менің бес немерем бар. Олар сұрапыл соғыстағы Жеңістің өздерінің аталары сияқты қарапайым адамдардың қаны мен маңдай терімен келгенін мәңгі есте сақтағалғанын қалайды. Мен үшін бұл өте маңызды. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сол қорқынышты соғыста қаза тапқандардың ерлігін мәңгі есінде сақтайды», - деп толықтырды А.Қайсин.

Қазір оны толғандыратын бір мәселе - әкесінің қабіріне баруға кедергі келтіріп отырған пандемия.

Еске сала кетейік, Қазақстан бүгін Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Биыл - 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығы.











Жоғары қарай