Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетаудағы газ жарылысы: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты

2021 жылдың 13 қазан 2021 12:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан зардап шеккен адамның жағдайын дәрігерлер орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, ауруханаға жарылыстан кейін күйік шалған әйел түскен.

«Оның жағдайы орташа ауырлықта. Денесінің 20 пайызын (аяқтарын) күйік шалған. Ол есін біледі, жағдайы тұрақты, жалпы палатаға жатқызылды. Науқас барлық қажетті емді толық көлемде алуда», - деді Д.Чайков.

Ал, екінші зардап шегуші ауруханаға жатқызылған жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Көкшетау қаласының Көктем шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Одан екі адам зардап шекті.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай