Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жүргізушіге тапанша кезеген күдіктілер ұсталды

2020 жылдың 19 қазан 2020 20:31

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда бейтаныс жүргізушіні тапаншамен қорқытқандар бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазанда Көкшетау қалалық полиция бөліміне 29 жастағы көлік жүргізушісі арызданған. Зардап шегушінің сөзінше, сол күні сағат 11:15-те Әуезов көшесінің бойында бейтаныс екі ер адам оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жеткізіп салуды талап ектен.

«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары «Аригато» дәмханасының маңында бейтаныс екі ер адамның «Мазда» көлігіне отырып, жүргізушіні тапаншаға ұқсас затпен қорқытқанын анықтады. Жүргізушінің сөзінше, күдіктілердің бірінің бет бейнесі азиаттыққа, екіншісі еуропалыққа ұқсас. Біреуі үстіне әскери камуфляж күртке, екіншісі қара түсті күртке мен көк түсті джинсы киген», - деді ведомстводан.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 29 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды. Күдіктілердің бірі СҚО Айыртау ауданының, екіншісі Көкшетау қаласының тұрғыны. Оларды ұстау кезінде пневматикалық тапанша тәркіленді.

«Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасуда», - деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай