Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 10:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 13 қыркүйек күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне медициналық көмек көрсету қызметінің фельшері хабарлаған.

Фельшердің сөзінше, Уәлиханов көшесіндегі «Новопэк» ЖШС ғимараты тұсында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып кеткенін анықтады. 35 жастағы әйел алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Полиция мерт болған әйелдің «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істегендігін анықтады.

«Қазіргі кезде, жүргізуші Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай