Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көкшетауда жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

2020 жылдың 25 маусым 2020 20:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін кешке Көкшетауда жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің жансыз денесі табылды. Бұл туралы Көкшетау волонтерлерінің әлеуметтік желідегі Kokshetau.Lider.KZ тобында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 19 маусымда Көкшетау қалалық ПД кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 2001 жылы туған сіңілісі Анастасия Александровна Ромасюньды іздеп табуға көмек сұраған болатын.

Әпкесінің айтуынша, Анастасия бір күн бұрын жұмысына кетіп, қайта оралмаған. Ал жұмыс орнындағылар Анастасияның 18 маусым күні сағат 15:00 шамасында заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Сол күні кешкі сағат 22:00 дейін оның ұялы телефоны қосулы тұрған.

Бойжеткенді іздеуге департаменттің жеке құрамы мен әлеуметтік желідегі Kokshetau.Lider.KZ тобының волонтерлері тартылды.

Ақпарат көзіне сүйенсек, бойжеткенді іздеу тобында болған учаскелік полиция инспекторы және кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша инспектор Көкшетаудағы Бұқпа тауы аумағында асылған күйінде тауып алған.

Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) тергеу амалдары қолға алынды.

Қыздың денесінде күш қолданудың белгілері жоқ, тек мойнында жіптің ізі ғана бар.

Еске сала кетейік, Көкшетауда 19 жастағы қыздың төрт күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай