Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда ЖЭО салуға қатысты техникалық-экономикалық негіздеме дайын

2021 жылдың 18 маусым 2021 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласында жылу электр орталығын салуға қатысты техникалық-экономикалық негіздеме дайын. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі мал басы артқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біраздан бері облыс орталығын сумен қамтамасыз ету мен электр энергиясының генерациясы тұрғындарды алаңдатып отыр. Қала дамып келеді, шаһар аумағы кеңейіп жатыр. Сонымен қатар бизнес дамып, әлеуметтік сала нысандары салынып жатыр. Алайда бізде жылумен қамтамасыз ету көзіне байланысты проблема бар», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол 2014 жылы Көкшетауда жылу электр стансасын салуға техникалық-экономикалық негіздеме тапсырылып, дайындалғанын еске салды.

«Конкурс жүргізіліп, 25-тен астам компаниядан өтінім келіп түсті. Олардың арасында шетелдік компаниялар да болды. Бірақ конкурста жеңген компания өзіне алған өкілеттікті орындай алмады. Бізге Мемлекет басшысы жылу электр орталығын салу бойынша тікелей тапсырма берді. Сондықтан Үкіметпен бірлесе отырып, бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Өткен аптада жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесін алдық. Онда біршама параметр өзгерді. Бұл жоба айтарлықтай жетілдірілді, заманауи технологияларға қатысты елеулі жұмыс жүргізілді, яғна экология бағытына екпін қойылды», - деді Ермек Маржықпаев.

Осы орайда әкім ЖЭО салынса қаладағы ыстық су мәселесі де шешілетінін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, жылумен жабдықтау саласында, өткен жылы жылу көздері мен жылу тораптарын салу мен реконструкциялаудың 9 жобасын іске асыру нәтижесінде, 61 көпқабатты тұрғын үй, 454 жекеменшік үй, 31 әлеуметтік объект жылуға қосымша қосылды. Сонымен қатар, Ақкөл (Ақкөл қ.), Астрахан, Бурабай, Ерейментау, Бұланды, Целиноград (Ақмол а.) аудандарында және Көкшетау қаласында шамамен 11 мың адам сапалы жылумен қамтамасыз етілді.

«Ағымдағы жылы жұмыс жалғастырылатын болады. Степняк қаласы, Ақмол ауылы, Макинск қаласы, Астраханка ауылы және облыс орталығында қазандықтар мен жылу тораптарын салып жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, 9 мың халықты қамту арқылы 10 жоба бар», - деді әкім.


Жоғары қарай