Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда «Жемісті жылдар» альбом-кітабының таныстырылымы өтті

2021 жылдың 1 наурыз 2021 14:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейінде көкшелік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен, бүгінде рухани орталыққа айналған музейдің ширек ғасыр толуына орай шығарылған «Жемісті жылдар» альбом кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Альбом кітапқа Мәлік Ғабдуллин музейінің осы жылдар аралығында атқарған тағылымды жобалары мен тәлімді бастамалары, көкшелік зиялы қауым өкілдерінің, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары және республика бойынша әріптестеріміздің жылы лебіздері топтастырылды. Шараны музей директоры Құдайберлі Мырзабек ашып, жүргізіп отырды.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» сарайының басшысы Ермек Нұғыманов «Жемісті жылдар» альбом-кітабына жан-жақты шолу жасады. Музей жанашырлары,қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау техникалық институтының оқытушысы Қалижан Нарбаев, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, өскелең ұрпақ үшін аталмыш кітаптың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.




Шараға жиналғандарға аталмыш альбом-кітап үлестіріліп, 25 жыл бойы даңқты жерлесіміздің өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттап жүрген музей қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Мәдениет, Ақмола облысы,
Жоғары қарай