Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

2020 жылдың 18 қазан 2020 15:10

КӨКЩЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер жоқ, тек көлікке мехникалық залал келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Уәлиханов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.

Жедел жәрдем көлігі мен «Volkswagen Passat» көлігі соқтығысты.

«Соңғы мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзге көліктер оны жіберіп тұрғанына көз жеткізіп алмай, жол бұрылысына шыққан. Енді жүргізушінің кінәлі не кінәсіздігін сот анықтайды» дейді ведомстводан.

Алайда, жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің сөзіне сенсек, ол қызыл түске келген кезде көліктер тоқтап, оған жол берген. Сол кезде өзге көліктердің артынан озып шыққан «Volkswagen Passat» келіп оған соғылған.

Айта кетейік, жедел жәрдем көлігі тырыспасы ұстаған науқасқа шақыру бойынша бара жатқан. Ақмола облыстық жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Александр Высоцкийдің айтуынша, мұндай санаттағы науқастарға жедел жету керек.

Аталмыш көлік жол апатына ұшырғандықтан науқасқа өзге бригада жіберілді.




Жоғары қарай