Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Көкшетауда жатақханадағы өртке байланысты тергеу басталды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 20:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаудың орталығында жатақханадан шыққан өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 17-де түнгі сағат 02:00 шамасында Назарбаев даңғылындағы жатақхана тұрғыны полицияға хабарласып, әйелімен ұрысып қалған көршісі пәтерді өртеп, 4 қабаттағы терезеден секіріп кеткенін айтқан.

Кейін 35 жастағы ер адам Ақмола облысының көпбейінді ауруханасында көз жұмды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай , жатақханадағы өртке байланысты 120 адам (оның ішінде 25 бала бар) эвакуацияланды.

Өрттен кейін емдеу мекемесіне опат болған ер адамның әйелімен бірге тағы екі адам ыстан уланып жатқызылды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сот- медициналық сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай