Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда «Жас дарын» музыканттар байқауы облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 26 ақпан 2021 20:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында өткен «Жас дарын» республикалық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, ақпанның 25-26 күндері аралығында өткен байқаудың облыстық кезеңіне Атбасар, Шортанды, Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандары және Көкшетау қаласынан 50 жас музыкант қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылардың арасында 19 солист, Көкшетау қаласынан 1-үрмелі аспаптар оркестрі, 2 скрипкашылар ансамблі және 1 флейташылар ансамблі бар.




Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесіне Көкшетау қаласындағы Балалар музыка мектебінің флейта үйірмесіне қатысушы Айқүміс Биғазы ие болды. Ол М.Ғабдуллин атындағы Көкшетау қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 8 «в» сыныбында оқиды, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы және лауреаты. Айқүміс Көкшетау қаласының БММ үрмелі аспаптар оркестрінің құрамында және жеке орындауда өнер көрсетіп, мектеп пен қалалық деңгейдегі концерттерге белсенді қатысып келеді.

Бұдан кейін «Үрмелі аспаптар» аталымы бойынша кіші жас тобындағылар арасында 2 орын – Көкшетау қаласындағы Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Анастасия Галимская, орта жас тобындағылар арасында 1 және 2 орындарды Көкшетау қаласындағы Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Глеб Курилов, Максим Силаков, Гилани Дзауров өзара бөлісті.

Ал, жүлделі үшінші орындарға Есіл қаласындағы Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Елизавета Гом, Александр Косенко лайық деп танылды.

Сонымен бірге, «Үрмелі аспаптар» аталымы бойынша жоғары жас тобы және оркестрлер, Ішекті-ыспалы аспаптар классы бойынша кіші жас тобы, орта жас тобы, жоғары жас тобы және ансамбль арасында жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.


Жоғары қарай