Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда «Ухань тұрғындарымен кездескен» әйел ұсталды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 20:22

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда полицияға Тайландтан келгенін және ол жерде Ухань тұрғындарымен кездескенін айтқан мас әйел ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қыметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«17 наурызда жедел жәрдемге қоңырау соққан әйел жақында Тайландта демалыста болғанын, онда Қытайдың Ухань қаласының тұрғындарымен кездескенін айтқан. Әйелді тексеру кезінде одан коронавирус инфекциясының белгілері табылмады. Ол телефон соққан кезде масаң күйде болған», - деді полиция департаменті.

Сондай-ақ, 31 жастағы әйелдің Қазақстан Республикасы аумағынан ешқайда шықпағаны да анықтады.

Айта кетсек, полиция төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандар ҚР ҚК 54-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді.


Жоғары қарай