Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Көкшетауда тұрғын үйден шыққан өрттен 17 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 23 наурыз 2020 18:47

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. 17 адам эвакуацияланды, оның 5-еуі — бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт наурыздың 23-інде сағат 08:33-те «Сарыарқа шағын ауданы, 14/5» мекенжайында орналасқан 3-пәтерде болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатында тұтанған өрттің жалпы аумағы 16 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 3 арнайы техника, жергілікті полиция қызметінен 2 адам және 1 техника, жедел жәрдем қызметі бригадасынан 3 адам және 1 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 08:40-та ауыздықталып, 08:43-те сөндірілді.

«Өрттен 17 адам эвакуацияланды, оның 5-еуі — бала. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп түсіндірді ведомстводан.








Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай