Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көкшетауда тұрғын үйден өрт шықты

2019 жылдың 31 шілде 2019 15:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда қоспәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 14:12 шамасында Әуезов көшесі, 219 мекенжайында орналасқан үйден шыққан.




«Тілсіз жауды ауыздықтауға аумақтық ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Сағат 14:22-де өрт толық сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.




Ведомстводан атап өткендей, өрттен зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.































Жоғары қарай