Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 02:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тілдер онкүндігінің жабылуына орай өңірде тіл саясатын іске асыруда белсенділігімен көзге түскен ақмолалық тіл жанашырлары Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңызына тоқтала келе, елімізді мекендеген барлық этностардың тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғанына тоқталды.

«Бұл бағдарлама Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді көздейді, – деді Ермек Маржықпаев





Шарада өңірдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Тіл, Ақмола облысы,
Жоғары қарай