Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда судьяны өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2017 жылдың 13 қараша 2017 21:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Əбдрахмановқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, биыл 12 маусымда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлова өз үйінде өлтірілген болатын. 46 жастағы судьяның денесі жуынатын бөлмеден табылды. Кейін полиция қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 33 жастағы жиһаз жасаушы жігітті ұстаған еді.

Бүгін Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында бұл істің соңғы нүктесі қойылды. ҚР ҚК-нің 99, 188 және 384 баптары бойынша айыпталған күдікті Медет Əбдрахмановты сот кінəлі деп танып,өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, сотталушының зардап шеккен тарапқа моральдық жəне материалдық шығынның орнын толтыру үшін 10 миллионнан астам теңге өтемақы төлейтіні туралы шешім шығарды.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Сот, Ақмола облысы,
Жоғары қарай