Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда Ресей азаматы қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды

2021 жылдың 19 қазан 2021 13:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда ер адам қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 18-ші қазанында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінде 35 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қазанның 18-де сағат 18:40-та облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінде нөмір жалдаған ер адамның мейрамханаға барғаннан кейін өз бөлмесіне көтеріліп, терезеден кешеннің ауласына секіргенін анықтады. Салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ер адам Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны болып шықты», - деп түсіндірді ведомстводан.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі қонақ үй тұрғынының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-бөлігі «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай