Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Көкшетауда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің туым» шарасы өтті

2020 жылдың 4 маусым 2020 11:47

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында «Менің туым» атты патриоттық шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ш.Уәлиханов көшесі, Н.Назарбаев және Абылай хан көшелерінің қилысында басталған шара «Евразия групп Казахстан», «Агример астық», «Көкшетау сүт зауыты» және «Ақсай нан» серіктестіктері ұжымдарының әнұранды шырқауымен жалғасты.

Бұдан кейін Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін асқақтатып, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған «Менің туым – менің Отаным» акциясы өтті. Акция барысында мемлекеттік ту Ақмола облыстық сотының әкімшілік ғимараты, Назарбаев даңғылы 94 және 86 мекенжай бойынша орналасқан «Көкшетау сити» және «Алуа строй» тұрғын үй кешендері терезелерінің әр қабатына еліміздің Мемлекетік рәміздеріне құрмет ретінде көк тулар ілінді.











Қала тұрғындарын ҚР Мемлекетік рәміздері күнімен Қ.Шәкеев атындағы жас ақындары мектебінің басшысы, ақын Мұхамед Қонқаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында жиырма шақты көліктің қатысуымен «Ел рәміздері-еркіндік нышаны» автошеруі өтіп, қалаішілік қоғамдық көліктер мен ірі сауда орындарының ауласында мемлекетік жалаушалар ұйымдастырылып, әнұран орындалды.








Жоғары қарай