Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 16:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды. Күдікті ғимараттан 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 17 тамызда облыс орталығындағы учаскелік полиция инспекторына жергілікті мектептердің бірінің директорынан арыз түсті.

Директордың сөзінше, биылғы жылғы тамыздың 13-15 күндері аралығында мектептен 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты белгісіз біреу қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 1,4 миллион теңгеден асады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында осы мектептің үш күзетшісінің бірі ұсталды. 28 жастағы ер адам қылмысын мойындады», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.


Жоғары қарай