Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жүргізіліп жатыр

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 02:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Көкшетау қаласындағы «Рио» сауда ойын-сауық орталығы туралы 2021 жылдың тамыз айында әлеуметтік желіге жарияланған роликтер негізінде «Рио» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігімен кездесіп, «Тiл туралы» және «Жарнама туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс барысында, «Botai development» акционерлік қоғамына қарасты «Рио» сауда ойын-сауық орталығы, «Орталық базар», «Рубин» сауда орындарындағы nіл заңнамаларына қайшы келетін сыртқы жарнамаларsy түзету қажет екені ескертілді.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан аталмыш сауда орындарының әкімшілігіне, сатушыларға арналған мемлекеттік тілді оқыту курсының ашылатынын және онда қазақ тілін ақысыз үйренуге жағдай жасалатыны айтылды.

Қазіргі уақытта, яғни 18 қыркүйектегі жағдай бойынша «Рио» сауда ойын-сауық орталығының сыртқы ақпараттары мен жарнамалары қазақ және орыс тілінде жазылған. Әсіресе, «Пульс» дәріханасында Тіл заңнамаларына қайшы келетін ақпараттар түзетілген, кейбір тек орыс тілінде жазылған ақпараттарды алып тастаған. Дегенмен, кейбір сауда орындарында әлі де болса, тек орыс тілінде жазылған ақпараттар анықталды. Ол заңбұзушылықтар негізінде сатушыға Тіл заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





««Рио» сауда ойын-сауық орталығында және басқа да сауда орындарда сыртқы ақпараттарды тіл заңнамаларымен сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ал, сауда орындарындағы барлық ақпараттар мен жарнамаларды заңға сәйкес жазып, тұтынушыларға қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсету үшін біраз уақыт керек», - деп ақпарат берді «Botai development» акционерлік қоғамының коммерциялық директоры А.Тәшенов.





Облыстық ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталған сауда және қызмет көрсету орындарында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жұмыстары одан әрі жалғаса бермекші.











Жоғары қарай