Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Көкшетауда халал және органикалық өнімдер бойынша семинар өтіп жатыр

2019 жылдың 12 наурыз 2019 16:51

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда органикалық өнімдер өндірісінің перспективалары және сертификаттау бойынша қазақстандық компанияларды құру мүмкіндіктері туралы үш күндік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда соңғы кездері органикалық нарыққа деген қызығушылық артып отыр. Оның ішінде ең ірі органикалық өнім өндіруші Ақмола облысы аумағында орналасқан. Халал және органикалық өнімдер бойынша аккредитациялау және сертификаттау жүйесінің өкілдері қатысып жатқан семинарды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының «Құзыреттілік орталығы» ЖШС «Qazaq Organic Food» және «Halal Qazaqstan» брендтерді дамыту шеңберінде органикалық өнімдер өндірушілер одағы және ҚР ИИДМ Техникалық реттеу комитеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

«Қазақстанның келешегі - органикалық өнімдерде» дейді ұйымдастырушылар. Бүкіл әлем органикалық өнімдерге бет бұрып жатыр. Бір ғана Германияның өзінде органикалық өнімдерге деген сұраныс 10 миллиард евроны құрайды.

«Біздің елімізде де органикалық нарық дамып жатыр. Бүгінгі күні елімізде 61 шаруашылық органикалық өнім шығарады. Оның ішінде ең ірісі - «Edelweis Invest» ЖШС ақмолалық компания. Шаруашылық 27 мың гектар алқапта сертификатталған органикалық өнім шығарады.

Жалпы, елімізде 277 гектар жерде органикалық өнімдер өсіріледі. Қазақстаннан Еуродаққа жылына 10 миллион доллар сомасында тауар өткізіледі. Басты экспорттаушылар - Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары болып отыр. Бидай, майлы дақыл, бұршақ дақылдары сияқты 20 түрлі өнімге сұраныс артып келеді», - дейді ведомстводан.

Дегенмен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының «Құзыреттілік орталығы» ЖШС басшысы Арсен Керімбековтың айтуынша, отандық сетрификаттау компаниялары болса, елімізде органикалық нарық қарқынды дами түсер еді. Әзірге, бұл іске тек шетелдік сарапшылар тартылуда.

Семинарда сертификат бойынша халықаралық және еуропалық талаптар сөз болды. Айта кету керек, тиісті сертификат болмаса отандық өнім Еуроодақ нарығына шыға алмайды.

«Сертификат бойынша ең бастысы - өзіміз жұмыс істеуіміз керек. ЕС-тен сертификат алу үшін кем дегенде 3 жыл күтуге тура келеді. Оның ішінде ең жақыны Кишинев қаласында орналасқан. Сондықтан, сертификат беруші Астанада болса, уақытты да, қаржыны да үнемдеуге болады. Өкінішке қарай, Қазақстан өнімдері терең зерттеуден өтетін күдікті елдердің қатарында. Сол себепті, өзімізде осындай зерттехана болуы тиіс. Үшіншіден, бізге сертификатталған көлік қажет. Келешекте Қазақстанда, яғни, отандық органикалық өнімдерді дамыту бойынша солтүстік өңірлік хаб ашу жоспарда бар», - дейді Арсен Керімбеков.

Жоғары қарай