Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көкшетауда дүкен өртенді

2022 жылдың 14 мамыр 2022 14:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының Абылайхан даңғылында орналасқан дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ғимаратта азық-түлік дүкені мен наубайхана орналасқан. Өрт наубайхана тұсынан шығып отыр. Қызыл жалын ғимараттың қабырғасын шарпыды. Бастапқыда дүкен қызметшілері тілсіз жауды өз күштерімен ауыздықтауға тырысты. Кейін оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 13:17-де Абылай хан, 9А мекенжайы бойынша орналасқан дүкенде болған. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 13 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жөнелтілді. Адамдар аман.



Еске салсақ, Ақмола облысында бір отбасындағы 4 адам өрттен көз жұмған еді.



Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Өрт, Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай