Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда бірнеше мәрте қолдануға болатын медициналық маска шығарылуда

2020 жылдың 16 наурыз 2020 21:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бірнеше мәрте қолдануға болатын медициналық маска шығарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тыныс» зауыты басшылығының айтуынша, бүгінгі күні зауытта медициналық маска шығару қызу қолаға алынған. Резеңкемен қапталып, дәкемен оралған масканы бір емес, бірнеше рет қолдануға болады.





«Біз медициналық масканы шығару жұмысын сенбі күні бастадық. Бүгінгі күні барлығы 4 мыңға жуық масқа бар. Ертең оның санын 7 мыңға жеткіземіз. Мұндағы шикізат өзіміздікі», - дейді тігін цехінің басшысы Медібай Әжібек.








Осы ретте, зауыт зауыт ұжымы толық медициналық маскамен қамтылған. «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, теміржол вокзалы және автовокзал сияқты жергілікті мекемелерден тапсырыс түсуде.

Онымен қатар, бірінші кезекте медициналық мекемелер мен құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерін медициналық маскамен қамтамасыз ету жоспарланған.





Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Көкшетаулық зауыт өз базасында медициналық маска шығаруға дайын екені айтылған болатын.





Жоғары қарай