Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Көкшетауда бейбіт жиындар туралы заң жобасы талқыға түсті

2020 жылдың 21 ақпан 2020 20:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметовтің қатысуымен бейбіт жиындар туралы заң жобасын қоғамдық талқыға салған диалогтық алаң ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

Шараға жергілікті қоғамдық бірлестік төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен партия филиалдарының белсенділері, кәсіподақтар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Қоғам өкілдері жаңа заң жобасына қатысты өздерінің ой-пікірін білдірді .

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» заң жобасына сәйкес митингіге шығатын азаматтардың құқығы ​мен міндеті және жауапкершілігі түсіндірілді.





Жоғары қарай