Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көкшетауда әйелімен ұрсып қалған 40 жастағы еркек шатырдан секірмек болды

2022 жылдың 11 наурыз 2022 02:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда полицейлер шатырдан секіріп өлмек болған қала тұрғынын аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 40 жастағы ер адам әйелімен ұрсып қалған соң осындай шешімге келген.

Оқиға 8 наурыз күні 17.00 шамасында болған. Әлдебіреу полицияға хабарласып, Пушкин көшесіндегі 9-үйдің кіреберісінде мас еркек жүргенін жеткізген.

Оқиға орнына шұғыл барған полиция капитаны Ақан Әбілқайыров пен полиция лейтенанты Қанат Мағубаев 4-қабаттағы баспалдақтан ер адамды көрген.

Ол полицейлерді көрген соң бірден шатырға шығып кетті де, қақпақты жауып алды. Ақан Әбілқайыров тез оның соңынан қуды, ал екінші полицей көршілерінен мән-жайды сұрастырды.

Полиция капитанының айтуынша, шатырға шыққанда әлгі тұрғын шарбақтың тесігінен өтіп, сыртқы эвакуациялық баспалдақта отырған.

Полицей оны райынан қайтаруға тырысқанымен, еркек бәрібір өлетінін айтып, сөзіне құлақ аспаған.




Сосын Қанат Мағубаев білдірмей жанына барып, оны ұстап алды да, бергі жақтағы әріптесіне тапсырды. Екінші полицей тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды.

Оның мұндай қадамға баруына әйелімен ұрсып қалуы себеп болған. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.



Жоғары қарай