Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

2020 жылдың 14 наурыз 2020 20:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Тәуелсіздік» алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Ақкөл, Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Зеренді, Жақсы, Шортанды аудандарының және Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.




«Жәрмеңке барысында өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері жалпы сомасы 38,7 миллион теңге болатын 61 тоннадан астам өнім ұсынды. Оның ішінде 19 тоннаға жуық ет өнімдері, 2,5 тонна жас балық, 150,5 мың дана жұмыртқа, 6 тоннадан астам сүт пен сүт өнімдері, 7 тонна ұн, 14 тонна картоп, 1 тонна өсімдік майы және тағы басқа өнімдері әкелінді. Бұдан бөлек, ағаш бұйымдар, сыпырғыштар және отын тәрізді қажетті өнімдер де сатылды. Жалпы, саудаға шығарылған өнімдер қала базарларындағы азық-түлік өнімдерінің бағасынан 10-15 пайызға арзан болды», - дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіндегілер.














Жоғары қарай